Өзбекстан төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, 10 маусымда Гиссарак су қоймасында су ағатын қосымша арықты қосу жұмыстары атқарылған. Қомадағы су сол кезде жырылып кеткен.
Жарылған жерден секундына 80 литр су аққан. Қазір апат болған жерде елуге тарта арнайы техника мен 160-тан астам адам жұмыс істеп жатыр.
«ТЖМ жағдайды бақылауда ұстап отыр. Су қоймасының өзі бүлінбеді. Ешкім зардап шекпеді» деп хабарлады министрлік.
Осының алдында Өзбекстанда азаматтар су қоймасына жақын орналасқан аудандардың тұрғындары автокөліктермен кетіп жатқаны туралы видеолар таратқан.