Сот тыйымы бұзылған сайын 250 мың еуроға дейін айыппұл салынып отырады. Айыппұл төлей алмаған жағдайда сот алдында жауап беруші алты айға дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
Усмановтың адвокаттары газетті 2017 жылы жарияланған мақаласы үшін сотқа берген. Материалда кәсіпкер Тегернзей көліндегі «зәулім вилланың қожайыны деген сыбыс бар» деп жазылған.
Бұның алдында Әлішер Усманов америкалық Forbes журналымен де соттасқан. Басылым кәсіпкерді Ресей президенті Владимир Путиннің «мүлікті жасыру үшін пайдаланған адамы» деп атаған. 2024 жылғы қаңтарда Гамбург соты миллиардер шағымын қанағаттандырған.
2023 жылғы тамызда Әлішер Усманов австриялық Kurier газетін сотта жеңген. Газет кәсіпкерді Владимир Путиннің «сүйікті олигархы мәртебесін пайдаланады» деп жазған.