Ссылки доступа

Бішкекте шетел азаматтары арасында тағы төбелес болды


Бішкекте Пәкістан мен Бангладеш азаматтары арасында төбелеске қатысқан 36 шетел азаматы ұсталды деп хабарлайды жергілікті милиция.

Мекеме мәліметінше, оқиға 11 маусымға қараған түні болған. Жоғарыда аталған екі елдің азаматтары бір-бірімен төбелескен.

Свердловск аудандық соты "ұсақ бұзақылық" жасады деген айыппен бір адамға 5500 сом көлемінде айыппұл салып, екеуін үш тәулікке қамауға алған. Қалғандарымен түсіндіру жұмысы жүргізілген.

Соңғы бес жылда Қырғызстанда Пәкістан, Үндістан және Бангладештен келетін студенттер саны артқан.

XS
SM
MD
LG