Бұл туралы ол Жогорку Кеңештің 13 маусымдағы отырысында мәлімдеді. Жапаровтың айтуынша, 6 маусымда Пекинде үл ел темір жол құрылысын бірге жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды. Бұған қоса, Жапаров жобаны қаржыландыру мәселесі шешілді. Алайда ол жобаны құны мен оны кімдер қаржыландыратынын айтпады.
Қырғызстан билігінің жоспарына қарағанда, темір жолдың 311 шақырымы Қырғызстан аумағы арқылы өтеді. Жергілікті билік құрылыс жобасының құны – шамамен 4,7 млрд доллар болады деп бағалаған.
Бұның алдында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров темір жол құрылысы биыл қазанда басталады деп мәлімдеген.
Қырғыз билігі жаңа темір жолдың көмегімен әлемнің ірі сауда желілеріне қосылуды көздеп отыр.