Үкімет заң жобасын биыл ақпанның аяғында жариялап, мамырдың ортасында парламентке жолдаған.
Оның алдында президент Садыр Жапаров биліктің Ыстықкөл облысындағы Қызыл-Омпол уран кенішін өндіргісі келетінін мәлімдеген.
Президент әкімшілігінің мәліметінше, Қызыл-Омполда шамамен 14 млн 757 мың тонна кен бар.