Ссылки доступа

Алматы әуежайы халықаралық рейстердің бәрін жаңа терминалға ауыстырды


Қазақстан азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Алматы әуежйы халықаралық рейстердің бәрін жаңа терминалға ауыстырды.

«2024 жылғы 13 маусымда сағат 23:13-тен бастан Алматы әуежайында халықаралық рейстердің бәрі жаңа терминалға (Т2) ұшып келеді. 14.06.2024 сағат 01:00-ден бастап Алматы әуежайындағы халықаралық рейстердің бәрі жаңа терминалға толық ауысады».

Алматы әуежайында жаңа терминал биыл 1 маусымда ашылды. Содан бері екінші терминал 310 халықаралық рейсті атқарып, шамамен 44 мың жолаушыға қызмет көрсеткен.

Қазір терминал 33 әуе компаниясына қызмет көрсетеді. Олардың арасында Қазақстанның үш компаниясы— Air Astana, SCAT, FlyArystan бар.

Ескі терминалда (Т1) Air Astana, Scat, FlyArystan, Qazaq air және «Оңтүстік аспан» әуе компанияларының ішкі бағыттағы рейстері жүзеге асырылады.

Қазақстандағы ең ірі Алматы әуежайын 2021 жылғы сәуірдің аяғында TAV Airports түрік холдингі алған. Жаңа халықаралық терминал құрылысы аяқталған уақытта Альп Эр Тунга Эрсой Алматы әуежайының президенті қызметінен кетті.

XS
SM
MD
LG