Бұл жөнінде Петербург ішкі істер басқармасы мәлімдеді. Ақпаратқа қарағанда, жалпы 350 мигранттың құжаты тексерілген.
Бұдан бөлек шетел азаматтары мініп жүрген 242 көлік тексеріліп, алтауы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Полиция мәліметі бойынша, 11 маусымда Орталық Азиядан барған 20 жастағы екі адам көрші елдің 26 жастағы азаматын ұрып, бағалы бұйымдарын және банк картасынан 55 мың рубль алып алғаннан кейін жүрген.
Биыл наурыз айында Мәскеу түбіндегі "Крокус Сити Холл" концерт залында теракт болғаннан кейін мигранттарға бақылау күшейді. Терактіні "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы мойнына алған. Шабуыл жасады дегендердің басым бөлігі тәжік азаматтары болған.
Полиция Санкт-Петербург базарларында рейд жүргізіп, миграция заңын бұзды деген айыппен 49 шетел азаматын қамауға алған.