Bloomberg агенттігінің дереккөзінше, Германия делегациясы биыл мамыр айында Ташкентке "миграция келісімін" талқылау үшін барған. Агенттік бұл мәселе бойынша келіссөздер аяқталып қалғанын айтады.
Бұл қадам Берлинге қазіргі ауған үкіметімен тікелей келіссөз жүргізбеуге мүмкіндік береді.
Берлин шекарадан Германияға өте алмай қалған ауған босқындарын Өзбекстанға жібереді. Әрі қарай Ауғанстанға жіберіледі. Босқындарды жеке әуе компания таситын болады.
Өзбекстан үкіметі бұл мәселені қарастырып жатыр, бірақ Ташкент "миграция пактында" өзбек азаматтарының Германияда заңды жұмыс істеуіне мүмкіндік беру қамтылғанын қалайды.
Германия үкіметінің миграция келісімі бойынша арнайы өкілі Йоахим Штамп бұл мәселені талқылау үшін Өзбекстанға барады.