"НАТО-ның мақсаты - ядролық қару жоқ әлемді құру, бірақ біз ядролық қаруы бар альянс қатарында бола береміз. Себебі Ресей, Қытай және Солтүстік Кореяның ядролық қаруы болып, ол НАТО-да жоқ болса, бұл қауіпті дүние", - деген ол.
НАТО-ның бас хатшысы Қытай қазір заманауи қару-жараққа, оның ішінде ядролық қару арсеналына өте көп инвестиция салып жатқанын, ол 2030 жылға дейін саны мыңға жетеді деді.
"Бұл жақын болашақта НАТО екі потенциялды қарсыласқа – Қытай мен Ресейге қарсы келуі мүмкін. Әрине мұның ауыр салдары болады", - деді Столтенберг.
17 маусымда SIPRI Стокгольм халықаралық институтының ядролық қару бойынша баяндамасы жарияланды. Оған сәйкес, былтыр барлық ядролық державалы елдер (АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Ұлыбритания, Үндістан, Пәкістан, Израиль және Солтүстік Корея) өз арсеналдарын кеңейтіп, ядролық қарудың санын көбейткен.