Ссылки доступа

"Шереметьево" әуежайында өзбек азаматтарын тексеру күшейген

Ресейдегі Өзбекстан елшілігінде шағым айтушы мигранттар саны көбейген. Бұл жөнінде мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Шағымданушылар Ресейге кірер кезде, ұзақ тексеруге тап болып жатқанын айтқан.

Сол себептен Өзбекстанның Ресейдегі елшілігінің консулдығы қазір "Шереметьево" әуежайындағы кеден қызметкерлерімен үнемі байланыста екенін жеткізген.

Биыл наурыз айында Мәскеу түбіндегі "Крокус сити холл" концерт залында болған терактіден кейін Орталық Азиядан баратын мигранттарға бақылауды күшейткен.

Дегенмен таяуда Ресей президенті Владимир Путин Өзбекстанға барған сапары кезінде өзбекстандық еңбек мигранттарымен мәселе болмайды дегенді айтқан.

XS
SM
MD
LG