Ссылки доступа

Тәжікстан парламенті хиджабқа тыйым салатын заң жобасын мақұлдады


19 маусымда Тәжікстан парламентінің жоғарғы палатасы "Салт-дәстүрді және әдет-ғұрыпты ретке келтіру жөніндегі" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын мақұлдады.

Оған сәйкес, ұлттық мәдениетке сай келмейтін киім киюге, жарнамалауға және сатуға тыйым салынып, ережені бұзғандарға 65 мың сомониге (6000 АҚШ доллары) дейін айыппұл салынатын болады.

Озоди радиосы бұл заң жобасы қоғамда резонанс туғызып, наразылық білдіргендің барын жазған.

Эмомали Рахмон осыған дейін "хиджаб біздің мәдениетке сай емес" деп мәлімдеген.

Діни киімдерге байланысты мәселелер Орталық Азияның өзге елдерінде де талқыланып келеді.

Былтыр күзде Қырғызстанда хиджаб киіп, ұзын сақал өсіруге тыйым салатын заң жобасы парламентте дайындалып, қоғамдық талқыға шығарылған.

Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы да қоғамдық орындарда бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заң жобасын мақұлдаған.

XS
SM
MD
LG