«Газета.uz» басылымының құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сүйене отырып хабарлауынша, ниқаб пен өкшесі биік аяқ киім киіп алған жас жігіт Ташкент облысы Бөкен ауданының 22 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ол қоғамдық орында бетін тұмшалап, көпшіліктен өзінің кім екенін жасыруына байланысты ұсталды.
Жас жігіттің үстінен «ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіру», «қоғамдық орында кім екенін анықтауға мүмкіндік бермеу» баптары негізінде әкімшілік іс қозғалды.
2023 жылғы 31 қазанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қол қойған заң қоғамдық орындарда бетін тұмшалап жүргендерді жазалауды қарастырады. Тәртіп бұзғандарға 10-15 айлық есептік көрсеткіш (270-400 доллар) аралығында айыппұл салынады.