Ссылки доступа

Тәжікстанда үш адам табиғат апаттарынан қаза болды


Тәжікстанда 23 маусымдағы табиғат апаттарынан үш жас жігіт қаза болды. Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, 23 маусымда Хатлон облысы Балчувон ауданына қарасты «Тәжікстан» жамоатының екі тұрғыны нөсер кезінде малға шөп беруге шыққан уақытта жай түскен. Екеуі де соның салдарынан қаза болды.

23 маусымдағы нөсерден Пенджикент қаласы Рудаки жамоатының Панджуруд, Шашкад және Артуч ауылдарында сел жүрді. «Өкінішке қарай, Шашкад ауылында 22 жастағы қыз қаза болды» деп хабарлады комитет.

Тәжікстанда биыл мамыр-маусым айларында жауын көп түсіп, бірнеше мәрте су тасыды. Шенеуніктер табиғат апаттарының шығынын 44 млн сомони немесе 4 млн долларға бағалады.

XS
SM
MD
LG