Жастар Бішкек қаласы маңындағы тауда ұйымдастырылған рәсім үшін төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің тікұшағын жалдаған. Сөз салу рәсімінде түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде жарияланған.
Жапаровтың айтуынша, мемлекет басшысының жақын туыстары мұндай астамшылыққа бармауы тиіс. Президент немере қарындасының жігіті осыған мән беруі керек еді деп есептейді.
«Ол президенттің туысы болғысы келсе, сынға ұшырап, мені ұятқа қалдырғысы келмесе, сол жағын ойлауы керек еді. Жастық қой. Сөз салуды үлкен салтанатқа айналдырмаса да болады. Бір-бірін ұнатса, ұсынысын қабылдар еді» дейді мемлекет басшысы.
Жапаровтың айтуынша, төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің тікұшақтарын жалға алуға рұқсат.
Президент Садыр Жапаров астамшылыққа барған азаматтар мен шенеуніктерді жиі сынайды. Ол 2022 жылдың аяғында 500-1000 адамға той жасайтын шенеуніктерді сөккен.