Ссылки доступа

Ташкентте бір ер кісі гүл сатушы қызға шабуылдады

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

23 маусымда кешке Ташкент қаласының Шайхантахур ауданындағы гүл сататын дүкенде 40 жастағы ер кісі 21 жастағы сатушы қызға шабуылдап, оны тұншықтырып өлтіре жаздады.

Осы оқиға туралы видео әлеуметтік желілерде таралды.

Астана милициясының мәліметінше, шабуылдаған Хуршид Ахмедов екені анықталған. Ол бұған дейін ақша бопсалау қылмысы үшін істі болған.

Дүкен маңындағы екі жас жігіт гүл сатушы қызға араша түскен. Алайда Ахмедов олардың өздеріне дүрсе қоя берген. Видеодан күдіктінің бір жігіттің бетінен ұрғанын көруге болады.

Аудандық милиция осы іске қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.

Милиция Ахмедовтан зардап шеккен басқа да азаматтарға жақын маңдағы ішкі істер органдарына немесе 102 нөміріне хабарласуға кеңес берді.

XS
SM
MD
LG