Ссылки доступа

Қырғызстанда Ұлттық ғылымдар академиясының бұрынғы қызметкері сұрауға алынды


Ұлттық ғылымдар академиясының бұрынғы қызметкері, белсенді Жомарт Қарабаев арнайы қызмет тарапынан тергеуге алынғанын "Кылым шамы" құқық қорғау ұйымы 2 шілдеде мәлімдеді.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) бұл туралы мәлімет бермеді.

Осыған дейін Қарабаев Ұлттық ғылымдар академиясының мамандары қылмыстық істер бойынша сараптаманы арнайы қызметтің нұсқауымен жазатынын айтқан.

Сонымен бірге ол сараптаманы тиісті сертификаттары жоқ мамандар жасайтынын білдіріп, әлеуметтік желіде билікті сынаған пікірлерін жариялаған.

Қарабаев 1 шілдеде Ноокаттағы селден зардап шеккендерге берілетін көмекті үкімет штабына тапсырмай, халыққа өз алдына беруге шақырған.

XS
SM
MD
LG