Бұл туралы құқық қорғаушы Гүлшайыр Әбдірасулова адвокаттың сөзіне сүйене отырып хабарлады.
Оның айтуынша, тергеуден кейін Қарабаевты ҰҚМК ғимаратынан шығармаған. Ол бұлтартпас шарасы қолданылғанша сонда қалады. «Адвокат оған мұндай айып тағуға негіз жоқ деп есептеп, іс жабылады деп үміттенеді» дейді құқық қорғаушы.
Жоомарт Қарабаевты арнайы қызметке шақыртып жатқаны 2 шілдеде мәлім болған. Сол күні «Қылым Шамы» құқық қорғау ұйымы оны не себепті тергегенін біле алмаған. Қарабаев ғылым академиясының жұмысына көңілі толмайтынын ашық айтып, «бірқатар қылмыстық іс бойынша сараптама жүргізуден бас тартқан». Ол «ҰҒА қылмыстық істер бойынша сараптаманы арнайы қызмет тапсырмасымен дайындайды» деп бірнеше мәрте мәлімдеген.
Қарабаевтың айтуынша, мұндай сараптамаларды тиісті куәлігі жоқ қызметкерлер орындайды. Бұған қоса, академияның бұрынғы қызметкері әлеуметтік желілерде қазіргі билікті жиі сынайды.