Ссылки доступа

Өзбекстан соты "Док-1 Макс" ісі бойынша шыққан үкімді күшінде қалдырды


3 шілдеде Ташкент қалалық соты Doc-1 Max шәрбаты бойынша үндістандық Marion Biotech компаниясына шыққан бірінші инстанцияның үкімін күшінде қалдырды.

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, 7 сотталушының шағымы қанағаттандырылмады.

Басылым мәліметіне қарағанда, Фармацевтика саласын дамыту агенттігінің бұрынғы директоры Сардор Кариев төлеген 2,5 миллиард сум қаза болғандардың туыстарына беріледі.

26 ақпанда сот Сардор Кариевті 18 жылға, оның орынбасарларын 16 жылға, Үндістан азаматы, дәрі импорттаушы Quramax компаниясының бұрынғы директорын 20 жылға еркінен айырды.

Сот айыпталушыларды "Док-1 Макс" және "Амбронол" дәрілерінен уланып қаза болған 68 баланың жақындарына және және зардап шеккен 16 баланың отбасына 75,6 миллиард сум моральдық шығын төлеп беруге міндеттеген.

Ташкент қалалық қылмыстық соты 2023 жылдың тамызынан бері Өзбекстанда Marion Biotech компаниясының дәрісі, оның ішінде "Док-1 Макс" шәрбаты 68 баланың өліміне алып келген қылмыстық ісін қарап жатыр. Жалпы 23 адамға айып тағылған.

XS
SM
MD
LG