Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде былтыр екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 14 миллиард долларға жеткені, болашақта оны 20 миллиард долларға дейін өсіру керектігі айтылды. Олар Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жолы құрылысы жөніндегі жұмыстарды тезірек бастау маңызды екені атап өтілген.
Жүздесуде өзбек жағының «бір Қытай» саясаты мен «үш зұлым күшпен» (сепаратизм, терроризм және экстремизм) күресін қолдайтыны айтылды.
Си Цзиньпиннің мәлімдеуінше, Қытай Өзбекстанды тәуелсіздік, егемендік және қауіпсіздік мәселелері бойынша қолдауын тоқтатпайды.
«Қытай баяғыдан Өзбекстанның сенімді досы әрі әріптесі» деген ҚХР төрағасы.
Келіссөздер аяғында Шавкат Мирзияев Си Цзиньпинді Өзбекстанға шақырған.
Өзбекстан президенті Қытайға соңғы мәрте биыл қаңтардың аяғында барған. Сол кезде екі ел арасында 15-тен аса құжат қабылданғаны хабарланған.