Ссылки доступа

Мәскеу соты Ресей жастар құрамасының бапкері, Тәжікстан тумасы Әлішер Исматзоданы екі айға қамады


Әлішер Исматзода
Әлішер Исматзода

Мәскеу қаласы Щербинка аудандық соты еркін күрестен Ресей жастар құрамасының аға бапкері Әлішер Исматзоданы екі айға қамауда ұстау жөнінде шешім шығарды.

РИА Новости мәліметінше, бапкер 28 тамызға дейін қамауда отырады.

Исматзодаға терроризммен байланысы бар қылмысқа итермелеу бабы негізінде айып тағылған. Ол жеті жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Сот отырысында тергеушілердің бірі Исматзоданың туыстарының бірі Сирияда соғысып жүргенін, Тәжікстан билігі оған терроризм айыбын таққанын айтқан. Исматзода бұрын Тәжікстан азаматы болғаны, осы елмен байланысы үзілмегені де айтылған.

Тергеу нұсқасына қарағанда, Исматзода терроризм айыбымен сотталған немесе күдікке іліккен адамдарға ақша аударған.

Әлішер Исматзода Сирияға кеткен туыстарымен, исламның радикал ағымдарын қолдайтындармен де сөйлеспейтінін атап өткен.

Әлішер Исматзода – Тәжікстан тумасы, еркін күрестен спорт шебері. Ресей күрес федерациясы оның құрамада аға бапкер болып істейтінін растады. Бапкердің ұсталғаны 1 шілдеде мәлім болды.

XS
SM
MD
LG