Ссылки доступа

Қырғызстанда екі судья ұсталды


Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет пара алды деген күдікпен ұсталған Шу облыстық сотының екі судьясы жөнінде мәлімет берді.

Ондағы ақпаратқа сәйкес, ұсталған судьялардың бірі тергеу органдарынан қашуға әрекет жасаған. Аталған судьялар хатшысы арқылы М.Н атты сотталушыдан ақтау үкімін шығарып беремін деп 10 мың АҚШ долларын талап еткен.

Сотталушы ол ақшаны беруден бас тартқаннан кейін хатшысы арқылы еркінен айыратын жаза қолданбау үшін 6 мың доллар талап еткен. Арнайы қызмет ол ақшаны судьялар өзара бөліп алған дейді.

3 шілдеде Судьялар кеңесінің қылмыстық жауапкершілікке тарту келісімімен Бірінші май аудандық соты судьялар А.Т.А., К.Ұ.Ж. және хатшы О.Ж.Д-ны тергеу абақтысына қамау жөнінде шешім шығарды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Жоғарыда аталған К.Ұ.Ж. және А.Т.А деген есімдер Шу облыстық сотының сайтындағы Қалыбеков Ұлықбек Жолдошұлы және Абдырашитов Тілек Арстанбекұлы деген судьялардың аты-жөніне сәйкес келеді.

XS
SM
MD
LG