Сот үкіміне сәйкес, 2023 жылғы желтоқсанда Навоидегі кафенің жертөлесінде бір топ жігіт кәмелет жасқа толмаған қызды зорлаған. Айыпталушылардың ең үлкені 23, ең кіші 18 жаста болған.
Мәліметтерге қарағанда, зорлық оқиғасы болған уақытта 18 жастағы жігіт мектепті әлі бітірмеген. 2023 жылғы 4 желтоқсанда кешкі сағат 9-дар шамасында оған кәмелет жасқа толмаған бір таныс қыз келген.
Жас жігіт қызды жертөлеге алып келіп, сол жерде зорлаған. Содан кейін жертөлеге тағы үш жігіт түскен. Олар қызды бірнеше күн бойы зорлаған.
Құқық қорғаушылар алты жігітке қарсы қылмыстық іс қозғады. Олар 3.5 жылдан бастап 5 жыл бір айға дейінгі аралықтағы мерзімдерге сотталды.
Мәліметтерге қарағанда, қалалық милицияның бір тергеушісі жәбірленушіні Ташкентке шақыртып, сол жерде онымен жыныстық қатынасқа түскен. Навои облыстық прокуратурасы тергеушінің үстінен қылмыстық іс қозғаған. Тергеу жүріп жатыр.