Ссылки доступа

Ондаған тәжік мигрантын Мәскеу уәжайында бес күн ұстап, кері қайтарған


Тәжікстанның Бохтар қаласынан Мәскеуге ұшып келген ондаған тәжік мигранты «Шереметьево» әуежайында бес күн болып, Ресей аумағына кіре алмаған. Бұл туралы мигранттар Азаттықтың Тәжік қызметіне хабарлады.

Олардың айтуынша, тәжік азаматтары Ресей астанасына 3 шілдеде ұшып келген, бірақ шекарашылар оларға қалаға кіруге рұқсат бермеген.

«Бізге затымызды да бермеді. Оның ішінде тамақ болған. Бес күн бойы қымбат тамақ сатып алуға мәжбүр болдық. 200 адамбыз. Негізінен Тәжікстан азаматтарын кіргізбей қойды» дейді еңбек мигранттарының бірі.

Оларды 8 шілдеде Тәжікстанға кері қайтарған. Еңбек мигранттарын не себепті Ресей аумағына кіргізбегені белгісіз.

Биыл мамырда Тәжікстан СІМ азаматтарға Ресейге барудан уақытша бас тарта тұруды сұраған.

XS
SM
MD
LG