Ссылки доступа

Қырғызстан: Бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кескені үшін сотталған адам колониядан қорқытып жатыр


Азамат Эстебесов
Азамат Эстебесов

Әсел Ноғайбаеваның бұрынғы күйеуі Азамат Эстебесов тәртібі қатаң колониядан хат жазып, қоқан-лоққы көрсеткен. Ол әйелін азаптағаны үшін 20 жылға сотталған.

Ноғайбаева қамауда отырған бұрынғы күйеуі қорқытып жатқанын әлеуметтік желіге жазды.

Оның айтуынша, Эстебесов колониядан қашып шығатынын ескерткен.

Ноғайбаеваның адвокаты Индира Саутова осы жайтқа байланысты прокуратураға шағымданғанын хабарлады.

36 жастағы Әсел Ноғайбаева 2023 жылғы қыркүйекте өлім аузынан қалды. Бұрынғы күйеуі оны ұрып, содан кейін құлағы мен мұрнын кескен. Милиция Азамат Эстебесовты ұстап, оның үстінен қылмыстық іс қозғады.

2024 жылғы қаңтарда Шу облысы Сокулук аудандық соты Эстебесовты 20 жылға соттады. Сотталушы үкімеммен келіспейтінін мәлімдеді.

Бұған қоса, 2023 жылғы қыркүйекте Шу облыстық соты Эстебесовты бұрынғы әйелі Ноғайбаеваны зорлағаны үшін сегіз жылға соттаған.

XS
SM
MD
LG