Министрлік мәліметінше, еңбек мигранттарына айлық төленбеу себептері әртүрлі, бірақ жұмысшы мен жұмыс беруші арасында еңбек келісім-шартының болмауы осындай заңсыздықтарға жол береді.
«Жұмыс берушімен ауызша келісудің салдарынан осындай заңсыздықтар жиі болып тұрады. Мұндай жағдайда атқарылған еңбекті бағалау қиынға соғады» деп хабарлады еңбек министрлігі.