Депутат бұл пікірін Ташкентте 31 жастағы ер адамның некедегі әйелі мен үш жастағы баласын өлтірді деген шулы оқиғадан кейін білдірді.
Мәліметке қарағанда, күдікті есірткіге әуес болған.
"Хайуанға айналған қылмыскерлер біздің салық есебінен өмір сүріп, басқа адамды өлтіруді күтіп жүру – логикаға сыймайды! Қоғамды мұндай адамдардан тазалау керек!", - деді Кадыров.
Өзбекстанда өлім жазасы 2008 жылы алынып тастап, оның орнына өмір бойы түрме жазасы енгізілген.