Қылмыс кодексіне адам саудалауға қатысы бар қылмыстар бойынша өзгеріс енеді. Бұған қоса заңнамада «сексуалдық сипаттағы басқа да қызметтер» түсінігі пайда болады. Олардың арасында интернеттің көмегімен сексуалдық онлайн қызмет көрсеткені үшін қылмыстық қудалау қарастырылған.
Сонымен бірге, мынадай қызметтер үшін қылмыстық жауапқа тартуы мүмкін:
Кроме того, устанавливается уголовная ответственность за:
Өзге де секуалдық сипаттағы қызметтерді көрсетуге басқа да адамдарды, соның ішінде кәмелет жасқа толмаған балаларды тарту;
Жезөкшелікті және басқа да сексуалдық сипаттағы қызметтерді насихаттау немесе жарнамалау;
Жезөкшелік және басқа да сексуалдық сипаттағы қызметтерді ұсыну орындарын құру, ұстау.
Заңнамаға енгізілетін осындай өзгерістер осындай қылмыстарды ұйымдастырушыларды жауапқа тартуға көмектеседі.