Ссылки доступа

Ресейдің Томск облысында мигранттарға таксиде жұмыс істеуге тыйым салынды


Ресейдің Томск облысында мигранттарға такси, қоғамдық тамақтану және білім беру саласы секілді бірқатар жұмыстарда істеуге тыйым салынды. Бұл жөнінде облыс губернаторы Владимир Мазур телеграм-каналында жазды.

Оның сөзінше, бұл шешім "антитеррорлық комиссия ұлттық диаспоралардың өкілдерінің қатысуымен" қабылданған.

Оған сәйкес, 1 қарашадан бастап еңбек патенті бар шетел азаматтары тамақтану орындарында, бөлшек саудада, таксиде, қоғамдық көлікте, қонақ үй және мейрамхана кәсібінде. спорт, орта кәсіптік және жоғары білім беру мекемелерінде жұмыс істей алмайды.

"Агентство" басылымы мұндай шектеулер Ресей аймағының үштен бірінде барын есептеп шыққан. Бұдан бөлек аннексияланған Қырымда да мигранттардың жұмыс істеуіне шектеу қойылған.

"Коммерсант" басылымы Ресейде Орталық Азиядан келген мигранттарға қатысты жаңа ереже әзірленіп жатқанын жазды. Оған сәйкес, мигранттарға өз тілінде сыбырлап сөйлесуге, діни жоралғы үшін мал союға тыйым салынған шектеулер бар.

XS
SM
MD
LG