Бұл туралы агенттік басшысы Хабибулло Назарзода 24 шілдедегі баспасөз конференциясында хабарлады.
Оның айтуынша, әуе компаниялары үш сағаттан астам жол жүретін жолаушыларға халықаралық стандарттарға сай тамақ беруі тиіс.
Ресейдегі әуе компанияларының агенттік талабына қалай жауап қатқаны белгісіз. Назарзоданың айтуынша, әуе компаниялары талапты орындамаған жағдайда оларға шара қолданылады.
Ресейлік әуе компаниялары қызметіне жүгінетін жолаушылар билеттің қымбаттығына қарамастан ұшақ бортында тамақ бермейтініне шағымданған.
Ресейден Тәжікстанға «Уральские авиалинии», «Северный Ветер» (Nordwind Airlines), Utair, S7 Airlines және «Ямал» секілді әуе компаниялары қатынайды.
Тәжікстан азаматтық авиациясы агенттігі маусым айында Ресейдегі барлық әуе компанияға хат жолдап, оларды жолаушыларға ұшақ бортында тамақ беруге шақырды.