Ұлттық банк төрағасы Мелис Тұрғұнбаев осындай шешім қабылдаудың бірнеше себебін атады.
«Қырғызстанда жылдағы инфляция көрсеткіші 4,2% болды. Азық-түліктің қымбаттауы тежелді» дейді Тұрғұнбаев.
Ұлттық банк есеп ставкасын мамырдың аяғында 9 пайызға дейін түсірген. Бұның алдында ол 11% болған.
Қырғызстан ұлттық банкі анықтайтын есеп ставкасы елдегі инфляцияны тежеудің басты қаржы әдістерінің біріне жатады. Ставканы өсірген сайын инфляция тежеле түседі, ал экономикалық даму көрсеткіші төмендейді.
Қырғызстан ұлттық банкі 29 шілдеде есеп ставкасын 9 пайыз деңгейінде қалдыру жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.