Түрік елшілігіндегі өкілдің айтуынша, виза орталығында туристік, іскерлік, жұмыс және оқу визасы беріледі.
"Бір реттік баратын виза құны 60 доллар тұрады. Сақтандыру және тиісті құжаттарды жинауға 120 доллар кетеді. Жалпы құны 180 доллар болады. Жұмыс визасы одан қымбатырақ", - деді өкіл.
Түркия биыл сәуір айынан бастап Тәжікстан азаматтарына виза режимін енгізді.
Түркия Тәжікстанға инвестиция құйған елдер ішінде 14-орында тұр. Екі ел арасындағы тауар айналымы 363 млн долларға жеткен. Бірақ виза режимі енгізілгеннен кейін, бұл көрсеткіш төмендеген.