Министрлік өкілінің айтуынша, Ресейде видеохостинг жұмысының баяулағаны Өзбекстанға еш әсер ете алмайды.
«Бір елде YouTube ашылмай қалса, Өзбекстанда да солай болады деген сөз емес» дейді Шерзод Ахматов.
Осының алдында Өзбекстанда әлеуметтік желі қолданушылар кейінгі бірнеше күнде YouTube видеохостингінің жылдамдығы күрт төмендегеніне шағымданған.
Ресей думасының депутаты Александр Хинштейн жақында елде YouTube жылдамдығы 70 пайызға төмендейді деп мәлімдеп, видеохостингтің «Ресейге қарсы саясатын» сынаған.
Ресейде видеохостинг дұрыс ашылмай тұрғаны 11 шілдеде мәлім болды. Содан кейін «Медуза» басылымы Ресей билігі YouTube жұмысын шектеп жатқан болуы керек деп жазған.
Өзбекстанда YouTube «дұрыс» жұмыс істеп тұр, видеохостингте ақау болған жоқ. Елдің цифрлы технология министрлігінің баспасөз хатшысы Шерзод Ахматов осылай деп мәлімдеді.