Ссылки доступа

Жарты жылда Ресейден Тәжікстанға 80,5 мыңнан аса әйел оралды


2024 жылдың алғашқы жартысында Тәжікстанға Ресейден 80,5 мыңнан аса әйел оралды. Бұл былтырғы осы уақыттағы көрсеткіштен 16,5 мың адамға көп.

Тәжікстан әйелдер ісі жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Фируза Нуруллозоданы хабарлауынша, Ресейден оралған 40 мыңға жуық әйел Халықты жұмыспен қамту агенттігіне арызданған.

Шенеунік мәліметінше, 19 мыңнан аса әйел тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілсе, 10 мыңға жуығы кәсіп оқып жатыр.

Комитеттегілер еңбек миграциясындағы әйелдердің елге көптеп оралуын Ресей билігінің көші-қон заңдарын қатайтып жіберуімен байланыстырып отыр.

Биыл наурызда «Крокус Сити Холл» концерт залына жасалған шабуылдан кейін Ресейдегі тәжік мигранттарына қысым күрт күшейген. Тәжік мигранттарын депортациялап жатқаны туралы мәліметтер көбейді.
Ресми дерекке қарағанда, 2024 жылдың алғашқы жартысында Ресейден әуе жолымен ғана Тәжікстанның 3400 азаматы депортацияланған.

XS
SM
MD
LG