2 тамызда RT телеарнасына сұхбат берген Құбанычбек уулу Ресей қорғаныс министрлігімен жаңа келісім-шартқа отырғанын, жақында Украинадағы соғысқа аттанатынын айтты.
Асқар Құбанычбек уулу Украинадағы соғысқаны үшін сотталған алғашқы қырғызстандық атанды. Ол 2023 жылғы қаңтарда ұсталып, бірнеше айдан кейін сот үкімімен 10 жылға сотталған. Алайда тамызда Қырғызстан Жоғарғаы соты үкімді жойып, істі қайта тергеуге жіберген.
Қаңтарда Бішкектің Бірінші май аудандық соты жазаны жұмсартып, Құбанычбек уулун жеті жылға бас бостандығынан айырған. Осы уақыт аралығында ол ел аумағынан ешқайда кетпеуі тиіс болған.
2024 жылғы көктемде оның Қазақстан арқылы Ресейге өтіп кеткені мәлім болды.
Украинадағы соғыста Ресей жағында соғысқаны үшін қырғыз сотымен жеті жыл бас бостандығынан айрылған қырғызстандық Асқар Құбанычбек уулу Ресей азаматы паспортын алды. Бұл туралы Ресейдегі бірқатар ақпарат құралдары хабарлады.