Қолмақол ақы төлеуге тыйым салынды. Себебі қоғамдық көлік жүргізушілер билет үшін ақша алған уақытта көп алаңдайды.
Жол ақысын көтеру туралы шешімді мәслихат шілдеде қабылдаған. Қала билігінің мәлімдеуінше, тариф жолаушы тасымалдаушылардың шығынын жаппайды.
Тасымалдаушыларға қазынадан судсидия бөлінеді. 2017-2023 жылдар аралығында 217,6 млрд теңге бөлінген, ал 2024 жылы 97,3 млрд теңге аударылады.
Әкімдік мәліметінше, қалада 22 жекеменшік және бір коммуналдық автопарк жұмыс істейді. Олар тәулігіне 2468 автобус пен троллейбусты жолға шығарады. Бір жарым миллион жолаушы қатынайды.
3 тамыздан бастап Алматы қаласында қоғамдық көліктегі жол ақысы 20 пайыз қымбаттады. Енді қоғамдық көлікпен бір мәрте жүру үшін 120 теңге ($0,25) төлеу керек. Бұрын тариф 100 теңге ($0,21) болған.