60 жастағы Уолз — Ұлттық гвардияда ұстаз болған адам. Миннесота губернаторы болып 2018 жылы сайланды. Ол әйелдер құқығы мен климаттың өзгеруіне қатысты прогрессивті іс-әрекетімен танымал.
Камала Харристің өзі сайлауға түсу үшін Демократиялық партия делегаттарының тиісті қолын жинады. Енді ресми түрде 19 тамызда өтетін партия съезінде бекітілмек.
Харрис штабының өкілдері Тим Уолз жеті штатты Камала Харриспен бірге аралап, үгіт-насихатын жүргізеді деп мәлімдеді. Бұл тізімде бірінші орында Пенсильвания штаты тұр. Харрис та Республикашылдар атынан президент сайлауына түсіп жатқан Дональд Трамп та бұл штатты маңызды санайды.