Бұл туралы Өзбекстан бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдинов хабарлады.
Мекеме мәліметінше, оқиға 6 тамызда кешке инспектор тұратын қызмет пәтерінде болған.
Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
Азаттықтың Өзбек қызметінің дереккөзінің айтуынша, қайғылы оқиғаға қызғаныш себеп болған. Мәліметтерге қарағанда, ерлі-зайыптылар бұған дейін де бірнеше мәрте жанжалдасқан.
Ташкент облысында учаскелік инспектор тапаншамен әйелін, жеті айлық баласын атып өлтіріп, артынша өзіне де қол жұмсады.