Оны әуежайдан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды деп хабарлады мемлекет басшының баспасөз қызметі.
8 тамызда бірқатар маңызды шаралар жоспарланған. Олардың ішінде екі елдің Жоғары мемлекетаралық кеңесі өтеді. Онда қазақ-өзбек қатынасының барлық деңгейдегі мәселелері қаралмақ.
Сонымен бірге екі ел басшысы "Орталық Азия + Жапония" форматындағы диалогқа қатысады.