2024 жылғы қаңтар-маусым айларында ішкі жалпы өнім 677 миллиард сомнан ($7,9 млрд) асты. Бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,7 пайызға артық көрсеткіш. Биыл қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өнімі 280,4 миллиард сомға ($3,2 млрд) жетті.
Қырғызстан бюджетінің табысы 2024 жылы 378 миллиард 437 миллион сом ($4,4 млрд), шығыны – 367 миллиард 500 миллион сом ($4,3 млрд) болды. Мәліметтерге қарағанда, республика бюджетінің профициті 10 миллиард 900 миллион сомға ($127 млн) жеткен.
Бұл уақытта ел азаматтары үкіметтің орташа жалақы көлеміне қатысты мәліметіне күмәнмен қарайды. Көпшіліктің пікірінше, елде орташа жалақы 35 мың сомға жетпейді.