Ссылки доступа

HRW: "Талибан" әйел құқығын дағдарысқа ұшыратты


2021 жылғы тамызда Ауғанстанда билікке келген "Талибан" қозғалысы әйел құқығы бойынша әлемде елеулі дағдарыс жасады.

Бұл туралы 11 тамызда халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы мәлімдеді. Онда тәліптер жүйесі орнаған Ауғанстан жасөспірім қыздарға алтыншы сыныптан кейін мектепке баруға тыйым салған жалған ел атанғаны айтылған.

HRW мәлімдемесінде тәліптер "әйелдердің еркін жүріп-тұру құқығын шектеп, оларға білім алуға, спортпен шұғылдануға, тіпті саябақта серуендеуге тыйым салған, медициналық көмек алу құқығын шектегені" жазылған.

Ауғанстанда гуманитарлық дағдарыс тереңдеген сайын ауған әйелдеріне қысым күшейіп отыр. Әйелдер гуманитарлық дағдарыс кезінде ең қатты зардап шеккен топқа жатады, деп мәлімдеді HRW.

Ұйымның Азия бөлімінің зерттеушісі Ферешта Аббаси шетел үкіметерін Талибан басшылығын және Ауғанстандағы қылмыс жасағандарды жауапқа тартуға шақырды.

БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасының мәліметінше, Ауғанстан халқының жартысынан астамы - 23 миллион адам тамаққа зәру. Тәліптер билігі орнатқан шектеулер әйелдер мен қыздардың медициналық көмек алуын қиындатып жіберді. Тәліптердің қыздарға білім алуға тыйым салуы салдарынан болашақта денсаулық сақтау саласында маман жетпей қалуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG