The Insider ұйымының хабарлауынша, Тәжікстан үкіметі Иброхимованың үстінен "жалған айыппен іс қозғап", Интерпол арқылы халықаралық іздеуге берген. Тәжікстанның ресми мекемелерінен осы тақырыпқа қатысты жауап алу мүмкін болмай отыр.
The Insider мәліметінше, Ситорамо Иброхимова Бельгияның көші-қон қызметі өкілдеріне 2018 жылы күйеуін Украинада ұрлап әкетіп, Тәжікстанда оны "әскерге жалдану, терроризм, тыйым салынған Салафия қозғалысына мүше болу" айыптарымен 23 жылға соттағанын айтқан.
Иброхимова өзі де "қара тізімде" екенін, Тәжікстанда оны азаптау күтіп тұрғанын ескерткен.
Тәжікстандағы саяси тұтқындар мен кепілдегілерді құтқару жөніндегі азаматтық комитет төрағасы Абдусаттор Бобоевтың айтуынша, осының алдында Иброхимованың сіңлісі Нигора Саидованы жеті айлық қызымен Польшадан депортациялаған. Тәжікстанда Саидованы жеті жылға соттаған. Сот үкімінің толық мазмұны белгісіз.