Ссылки доступа

Қырғызстан СІМ Лос-Анджелесте соққыға жығылған азаматқа араша түсті


Қырғызстан СІМ ғимараты
Қырғызстан СІМ ғимараты

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі елдің бұрынғы азаматы Шайлообек Базарбаевтың АҚШ-тағы Лос-Анджелес қаласында соққыға жығылғаны туралы мәлімет таратты.

Министрлік мәліметінше, Қырғызстанның Чикагодағы бас консулдығы жәбірленушімен байланыс орнатқан. СІМ жәбірленушінің Ресей азаматы екенін, шабуыл кезінде паспортынан, әскери билетінен, басқа да құжаттарынан айрылып қалғанын хабарлады.

"Ол күнде жергілікті полициямен хабарласып тұрады. Тергеу жүріп жатыр. Жәбірленуші қаражатқа, басқа да көмекке зәру емес" деп хабарлады министрлік.

Лос-Анджелесте Қырғызстанның бұрынғы азаматы Шайлообек Базарбаевты ұрып кеткенін АҚШ-тағы ақпарат құралдарының бірі хабарлаған. Журналистер мәліметінше, оған қырық шақты жасөспірім жабылып, автокөлігін зақымдаған.

Тобырдың соққысынан ер азаматты жергілікті бір әйел арашалап алып қалған. Жәбірленуші журналистерге автокөлігіндегі заттар мен құжаттарының бәрін алып кеткенін айтқан.

Қырғызстан еңбек министрлігінің мәліметінше, АҚШ-та 36 мыңға жуық қырғызстандық тұрып жатыр.

XS
SM
MD
LG