Министрлік мәліметінше, Тон өзенінде су деңгейі көтеріліп, Тон ауданындағы Туура-Суу ауылын су басу қаупі күшейді. Соған байланысты құтқарушылар жергілікті билікті ауыл тұрғындарын көшіруге кеңес берді.
Ыстықкөл облыстық әкімдігінің хабарлауынша, Туура-Суу ауылы мен Рыбзавод ауданынан барлығы 400 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олар Эшперов пен Ақ-Сай ауылдарындағы мектептерге орналасты.
Құтқарушылар Тон өзенінің арнасын бұрып, ауылды аман сақтап қалған.
19 тамызда Ыстықкөл облысында нөсер жауып, соның салдарынан сел жүрген. Тұрғын үйлерді су басқан, жолдар жабылған.
Аймақта 497 үй селден зардап шеккен. Қырғыз билігі Ыстықкөл мен Тон аудандарында төтенше жағдай жариялаған.