Ссылки доступа

Алматы түлегі жоғары білім беру министрлігін сотқа берді (видео)


Мектепті биыл аяқтаған Алматы тұрғыны Медина Майсар Қазақстанның ғылым және жоғары білім беру министрлігін сотқа берді.

Ол мекеме құзыретін асыра пайдаланып, ЖОО-ға студенттерді қабылдау ережесін бұзды деп, министр Саясат Нұрбектің отставкасын талап етті. Майсарды жоғары балл алып, бірақ елдің университеттеріне өтпей қалған жүздеген абитуриенттер қолдап жатыр.

Медина биыл ұлттық біріңғай тесттен 140 баллдан 119 балл жинаған. Бірақ "Құқық" мамандығы бойынша бюджеттік бөлімге өтпей қалған.

"Квотаны заңды түрде бекітетін нормативтік-құқықтық актілер жоқ. Квота қазір министр Саясат Нұрбектің сөздерінде ғана бар. Оны өзі ойлап тауып қойды. Осының негізінде министрлік мыңдаған бюджеттік орынды сынақтан ұтқан абитуриенттерден тартып алып, басқаларға бөліп берді", - дейді Медина.

В Казахстане журналистам запретили снимать паводки на западе страны
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:59 0:00

Министр Саясат Нұрбек болса мекеме шешімі заңды деп есептейді.

"Селден зардап шеккен аймақтардан келген балаларға оқуға тапсыруда көмек беруіміз керек. Жоғарғы балл алып, бірақ бюджеттік бөлімдерге өтпей қалған абитуриенттердің 70% — мамлекет үшін онша приоритетті болмаған мамандыққа тапсырған. Олар тапсырған мамандықтар үшін бюджеттік орындар аз бөлінді", - деді министр.

Сотта Мединаның мүддесін қорғауға дайын екенін білдірген адвокат Халида Ажигулованың айтуынша, бұл шағымға тағы да 200-ден астам абитуриент қосылуға дайын.

XS
SM
MD
LG