"Әуе техникасы Өзбекстанға тапсырылды. Ресми түрде шешілген мәселе" дейді елші. Бұған қоса, ол тараптар бірлескен бағдарлама әзірлеп жатқанын айтты.
"Техника Ауғанстанда емес, АҚШ-та шығарылған. Ауған армиясы оларды пайдаланған, бірақ иесі америкалықтар болып қала береді" дейді Хеник.
Ауған баспасөзінің мәліметінше, тәліптер 2021 жылғы тамызда билікке келгенге дейін Ауғанстанда 164 әскери ұшақ болған, қазір 81 техника ғана бар. Үш жыл бұрын ауған ұшқыштары ұшақтар мен тікұшақтардың бір бөлігін Өзбекстан мен Тәжікстанға алып шыққан.
Сол кезде Өзбекстанның әуе кеңістігінен 22 әскери ұшақ пен 24 тікұшақ өткен. Олардың ішінде 585 ауған жауынгері болған.
"Талибан" өкілдері әуе техникасы Ауғанстан меншігі екенін айтып, қайтаруды талап еткен. Алайда ресми Ташкент ұшақтар мен тікұшақтар АҚШ меншігі екенін, сол себепті қайтарылмайтынын мәлімдеген. Өзбек шенеуніктерінің осы сөзін кейін америкалық ресми тұлғалар да растаған.