Ссылки доступа

Қазақстанда ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар Өзбекстанға қайтарылды


Қазақстанда ата-анасының қамқорынсыз қалған үш бала Өзбекстанға қайтарылды. Бұл жөнінде "Дунё" агенттігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Өзбекстанның бас консулдығы "Тұрмыстық ауыр жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы" және Алматы қалалық білім беру басқармасы 17, 12 және 2 жастағы қыздарды отанына қайтару үшін қажетті құжаттарды жинап, 24 тамызда оларды өзбек ІІМ-не қарасты заң бұзулардың алдын алу басқармасының өкілдеріне өткізіп берді.

Мәліметте балалардың не себептен ата-ана қамқорынсыз қалғаны жазылмаған.

Осыған дейін Өзбекстанға Ресейдің түрлі аймақтарынан 31 бала қайтарылғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG