"Ол 2006 жылдан бері жүйке аурулары диспансерінде есепте тұрғаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр" деп хабарлады Сарыарқа ауданды полиция басқармасының басшысы Данияр Жанқұлов.
Полиция мәліметінше, 36 жастағы ер азамат ұсталған. Оның аты-жөні жарияланбады. Ол уақытша тергеу изоляторында отыр.
2 қыркүйекте әлеуметтік желілерде Астанадағы мешіттердің бірінде түсірілген видео тараған. Видеодан пышақ ұстаған бір адамның полицияның арнайы жасағына қарсы тұрғанын көруге болады.
Мәліметтерге қарағанда, оқиға 2 қыркүйекте таңертең болған. Куәгерлердің айтуынша, ер азамат мешітке кіріп келіп, әлдебір адамдарды түрмеден босатуды талап еткен. Артыншы оқиға орнына полиция жеткен.