Ссылки доступа

Ресейде тәжік содырының әйелі 11 жылға сотталды


Мәдина Бондаренко үш баланың анасы
Мәдина Бондаренко үш баланың анасы

Ресейдің Ростов-на-Дону қаласының соты "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының содыры Абу Довуд деген атпен танымал Парвиз Саидрахмоновтың әйелін 11 жылға түрме жазасына кесті. Мәдина Бондаренкоға қатысты сот үкімі тамыз айының басында шыққан.

Ресей билігі сот шешіміне қатысты ешқандай пікір білдірмеді. Алайда, сотталушының туыстарының сөзінше, Мәдина "террористік ұйымға мүше болды" деген айып бойынша кінәлі деп танылған.

Тәжік билігі Бондаренко, Саидрахмонов және олардың төрт баласын Түркиядан Душанбеге 2022 жылы алып келген. Мәдинаны былтыр Ресейге экстрадициялаған. Оған 2017 жылдан бері іздеу жариялаған.

Парвиз Саидрахмоновты 2023 жылы Тәжікстанда 21 жылға соттады.

Мәдина Бондаренконың ұлты - осетин, Ресей азаматы. Оның Абу Довудтан үш баласы бар. Ол сот барысында өзіне тағылған айыптарды мойындамаған. Сот процесіне қатысқан дереккөздің айтуынша, ол Абу Довуд өзін Түркияға, ол жақтан Сирияға алдап әкеткенін жеткізген. Бірақ Парвиз Саидрахмонов тергеу барысында әйелі бірінші күні Сирияға баратынын білген. Мәдинаның үш баласы қазір Тәжікстанда балалар үйіне өткізілген.

XS
SM
MD
LG