Ссылки доступа

Тәжікстанда жүздеген көлік "рақымшылыққа ілінді"


Тәжік үкіметі саудагерлерге елдің кеден бекеттерінде қамалып тұрған 2013 жылға дейін шығарылған 2522 көлікті алып шығуға рұқсат беруге келісті.

Осыған дейін тәжік билігі саудагерлерге кеденнен өтпей қалған көліктерді басқа елге алып кетуді немесе құрал-сайман ретінде сатуды ұсынған.

2023 жылдың қазанында Тәжікстан 2013 жылға дейін шығарылған көліктерді импорттауға тыйым салды. Мұндай шешім "автопаркты реконструкциялау, жол апатының алдын алу, қоршаған ортаны қорғау" үшін қабылданғаны айтылған.

"Озоди" радиосының қолына тиген құжаттарға сәйкес, 2 қыркүйекте Тәжікстан президенті кеден қызметінің үндеуіне жауап беріп, қамауда тұрған көліктерді шығаруға рұқсат берген.

XS
SM
MD
LG