Ұйымның Тәжікстандағы өкілі Артур ван Дизеннің мәлімдеуінше, үкіметтің осы шешімі елдегі 4 миллион баланың құқығын қорғауға бағытталған. Мәлімдеме БҰҰ Балалар қорының сайтында жарияланды.
Жаңа ереже биыл маусым айында күшіне енді.
"Саясаттағы соны өзгеріс Тәжікстанның балаларды қорғау саласында елеулі жетістікке жеткенін көрсетеді. Заңнамадағы өзгеріс маңызды қадам, бірақ әрбір баланың өмірін жақсарта түсуді көздейтін заң ережесі дұрыс жұмыс істеуі көп еңбектенуге тура келеді" дейді Артур ван Дизен.
ЮНИСЕФ мәліметінше, әлемде 330 миллионға жуық бала жәбірленеді.